2015 жылғы 7 тамыз, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 7 тамыздағы №620 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1557 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №82, 1066-құжат).
2. «Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1558 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №82, 1067-құжат).
3. «Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1584 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №88, №1090-құжат).
4. «Бағалау қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1585 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №88, 1091-құжат).